Тозған желілер коммуналдық төлемдердің өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста монополист компаниялар көрсететін  коммуналдық қызмет түрлерінің бағасы өзгеруі мүмкін. Оның негізгі себебі – өңірдегі жылу, су, электр желілерінің тозуы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі орталығы алаңында өткен брифингте облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің жетекшісі Дамир Тоқтамысов айтты.

– 2022 жылдың қорытындысы бойынша Петропавлдағы коммуналдық желілердің тозығы орта есеппен 65,4 пайызды құрап отыр. Нақтырақ айтсақ, жылу құбырларының 72,2 пайызы, су құбырларымен жабдықтау құралдарының 58 пайызы, су өткізгіш құбырларының 61,7 пайызы және элетр желілерінің 81,7 пайызы тозған. Бұл олқылықтарды жою үшін қосымша қаражат қажет. Сол себепті Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, міндетті коммуналдық төлемдердің көлемі артуы мүмкін. Қызмет көрсетуші компаниялар өздерінің қарамағындағы жұмыскерлердің жалақысын өсіру үшін де тариф бағасын көтеруге мүдделі, – деді Дамир Тоқтамысов.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, тарифтерді өсірмеудің бірден-бір жолы – коммуналдық қызметтер секторына инвестицияларды тарту. Мәселен, Мемлекет басшысы ұсынған тарифтік саясат қаржыландырудың жаңа тетіктерін тауып, соның есебінен инженерлік инфрақұрылым желілерінің тозу деңгейін төмендетуі ықтимал. Бүгінгі таңда облыстық табиғи монополияларды реттеу агенттігі тұтынушылар мен монополия субъектілерінің мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу жолында жаңа механизмдерді қарастырып жатыр.

– Қазіргі уақытта агенттік барлық коммуналдық тарифтердің бағасын 2030 жылға бекітуді қарастырып отыр. Ол үшін ең алдымен инвестициялық қаражатты барлық тиісті жұмыстарға бөліп есептеу қажет.  Барлық іс-шаралар өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Барлық рәсімдер жүргізілгеннен кейін ғана уәкілетті орган мемлекеттік органдармен бірлесіп тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітеді, –  деді Дамир Тоқтамысов.

Баспсөз мәслихатында «Севказэнерго» акционерлік қоғамы жүргізетін жөндеу жұмыстары туралы да айтылды. Биыл кәсіпорын бұл мақсатқа 7,2 млрд. теңге қаражат қарастырып отыр. «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өз қаражаты есебінен бірақтар мәселелерді шешуді көздеуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz