Солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем чемпионатында ел тарихындағы тұңғыш медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Пара спортшылар арасындағы Әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр. Оған дүниежүзінің 18 елінен 102 параатлет қатысуда.
Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Ербол Хамитов парабиатлоннан 7,5 км қашықтықта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Ол екі ату рубежінде (0-1) бір рет мүлт кетіп, үшінші орынға табан тіреді. Бұл еліміз үшін тарихи жеңіс екенін атап өткен жөн.
Алтын медальді канадалық Кэмерон Коллин жеңіп алса, күміс жүлде АҚШ спортшысы Арон Пикеге бұйырды.