Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде құрылыс және жол салаларына қатысты мәселелер талқыланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде құрылыс және жол салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиев пен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиынды ашқан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов бизнесте жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

– Өткен жылы агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 71,6 пайызы сыбайлас жемқорлық бизнестің дамуына теріс әсер ететінін жеткізді. Мәселен, көптеген өкілетті органдар беретін құжаттарды алу кезінде пара беру фактілері орын алуы ықтимал деген байламға келді. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – жергілікті атқарушы билік органдары мен бизнес субъектілері арасында ашық диалог орнату, – деді Айдос Жүнісов.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамаға мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері мен тәсілдері енгізілді. Осындай құралдардың бірі – комплаенс-қызметтерді құру. Белгілі болғандай, кәсіпкерлердің басым көпшілігі, яғни 77,4 пайызы мұндай механизмді енгізуге әлі дайын емес екен. Десе де ашықтықты қамтамасыз ететін механизмді қолдайтындар да баршылық.

whatsapp image 2023 01 23 at 10.24.37

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын одан әрі дамыту мақсатында жоғары оқу орындарында комлаенс-офицерлер даярлау жөніндегі тиісті білім беру бағдарламалары енгізілетіні туралы белгілі болды. Солтүстік Қазақстан университетінде бұл жаңа пән тек магистрлік бағдарламада оқитындарға қарастырылған.

whatsapp image 2023 01 23 at 10.24.45

Шарада кәсіпкерлер битум, жол құрылысына шарттар жасасу тәртібі және қызметтердің қымбатшылығы мәселелерін көтерді. «Основание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сергей Тимофеев облыс орталығының бас жоспарын бекіту кезінде бизнесмендермен ақылдасу қажеттігіне назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz