СҚО-да синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолы кесілді

Авторы: Qyzyljar News

Облыс полицейлері «Өрмек» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаңтардың 16-сы мен 20-сы күндері аралығында өңірде «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның мақсаты – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.
5 күн ішінде облыс полицейлері бірқатар жедел іс-шараны өткізді. Нәтижесінде Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесіліп, «тұз» деген атпен белгілі «α-PvP» синтетикалық есірткісінің ірі көлемі тәркіленді. Мұны растау және нақты салмақты анықтау үшін сараптама жүргізіледі. Сондай-ақ полицейлер есірткі жеткізуші курьерді ұстағанын хабарлады. Одан синтетикалық есірткінің 50 түйіншек тәркіленгенінін айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек, облыста іс-шара өткен уақытта есірткінің заңсыз айналымы саласында 14 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Іс-шараны өткізген кезде есірткіні жеткізу арналарын анықтауға, есірткіні, әсіресе, синтетикалық психоактивті заттарды өткізуді ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеуге ерекше назар аударылды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz