ҰОС ардагері Сергей Пресняков өмірден өтті

Авторы: Qyzyljar News

Облыстың Құрметті азаматы, соғыс ардагері, өңіріміздің белгілі өлкетанушысы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Сергей Пресняков дүниеден озды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылы Сергей Михайлович 100 жасқа келген мерейтойын атап өткен болатын. Ол еліміздің дамуына сүбелі үлес қосты.Сергей Пресняков көптеген тарихи оқиғалардың куәсі. 19 жасында майданға шақырылып, Мәскеу түбіндегі шайқастарға, Батыс және Солтүстік-Батыс майдандарында 38-атқыштар бригадасы құрамында ерлік көрсетті.

Оның соғыстағы еңбегі еленіп, Сергей Пресняков адал еңбегі үшін «екінші дәрежелі ҰОС», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, төрт «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Соғыстан кейін партия органдарында еңбек етіп, ардагерлер ұйымын басқарды. Сергей Михайлович өмірінің көп бөлігін біздің өлкеміздің тарихын зерттеуге арнады. Ол Солтүстік Қазақстанның өлкетану тарихының бастауында тұрды. Еліміздің тарихы туралы көптеген авторлық кітаптар жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz