СҚО-да 10 адамға шетелдік автокөлікті заңдастыруға рұқсат берілді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлердің есебінше шетелдік тіркеудегі барлығы 7 мыңнан астам автомобиль бар. Оның 90 % ресейлік нөмірмен жүрген көліктер, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда шетелде тіркелген автомобильдерді заңдастыру Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайында орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 58 адам келіп өтініш білдірді. Оның 10-на заңдастыруға рұқсат берілді, 5-уі қазақстандық нөмірлерді алды.Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері атап өткендей, тіркеу туралы өтінімді кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында немесе e-gov арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, «электрондық үкіметтің» сайтында жабық бокста тексерту үшін алдын ала кезек брондауға болады. Онда криминалистер агрегаттық нөмірлерді көлік құралын тіркеу туралы куәлігіндегі мәліметтермен салыстырады, автокөлікті криминалдық есептер бойынша тексереді. Егер машина талаптарға сай болса (шетелде есептен шығарылған, кедендік тазартудан өткен және т.б.), көлік иесі оны тіркеп, қазақстандық нөмір алады.

– Керемет қарбалас жоқ. Алдын ала белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер жұртшылықпен кездесіп, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы адамдардың сұрақтарына жауап берді. Барлық сұрақтар бойынша t.me/petropavloskbanderos Telegram-чатында кеңес алуға болады, сондай-ақ, жұмыс уақытында СҚО ПД процессингтік орталығына 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 телефондары арқылы хабарласуға болады, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz