Солтүстікқазақстандық оқушылар жасанды интеллект пен мехатроникаға қызығушылық танытуда

Авторы: Алтынай ҚАЗИҚАН

«Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымында дәстүрлі Наурыз кездесулері ұйымдастырылды. Шарадан Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі де шет қалмай, 3 күн бойы онлайн-режімдегі кездесуге ат салысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы наурыз кездесулеріне «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбы таңдап алынды. Еліміздегі барлық зияткерлік мектептердің оқушылары бас қосқан шарада ұл-қыздар түрлі онлайн оқуларға қатысып, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері туралы бірқатар ақпарат алды. Сондай-ақ, оқушылар үшін жасанды интеллект және мехатрониканың мүмкіндіктерін практика жүзінде қолданып көру мүмкіндігі де қарастырылды.
Атап айтсақ, мектеп оқушылары «Жер топографиясын өлшеу үшін Пифагор теоремасын қолдану», «Микрогравитация жағдайында ғарышкерлердің аяқтарын қорғауға арналған Astro Socks шұлықтарын жасау», «Ми жарақаттарын түсінуге және жұмсартуға арналған модельдер құру», «ХҒС капсуласы материалдарының ыстыққа төзімділігін модельдеу», «Жер сілкіністерін түсінуге арналған математикалық модельдеуді қолдану» және «Электр қуатын байланыс үшін пайдалану» тақырыптарын таңдап, өздерінің жобаларын дайындады.
Ал Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары соңғы аталған тақырыпты таңдап, қолда бар материалдардың көмегімен телеграф жасап шығарды.

Солтүстікқазақстандық оқушылар жасанды интеллект пен мехатроникаға қызығушылық танытудаСолтүстікқазақстандық оқушылар жасанды интеллект пен мехатроникаға қызығушылық танытуда

– Алғашқы екі күн бойы теориялық білімімізді толықтырумен қатар, болашақ телеграфты қалай жасайтынымызды ойластырдық. Нәтижесінде картон, ағаш және «Ардуино» жинағын пайдаланып, екі адамға бір-бірімен хабар алмасуға мүмкіндік беретін телеграф жасап шығардық. Осы құрылғының көмегімен балаларға қорғалған канал арқылы өзара құпия хабар таратуға болады, — дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 С сынып оқушысы Арлан Мұхамеджанов.

Солтүстікқазақстандық оқушылар жасанды интеллект пен мехатроникаға қызығушылық танытуда
Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz