Биыл Қазақстанның біраз өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Биыл еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Экология министрлігінің мәліметінше, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау және Павлодар облыстарынан өзге барлық өңірде тасқын қаупі бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Экология министрлігінің 23 қаңтардағы жиынында су қоймалары мен бөгеттердің сапасы туралы мәселе қозғалған. Елдегі осындай нысандардың дені кеңес заманында тұрғызылғанын атап өткен жөн. Талап бойынша, олар тек 25 жылға дейін ғана жарамды. Алайда Қазақстандағы нысанның бәрі жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр.

– Бұзып, қайта салмасақ та, Үкімет жыл сайын оларды жөндеу, қалыпқа келтіру жұмысына қаражат бөліп жатыр, — дейді мамандар.

Мысалы, биыл екі су қоймасы осындай жоспарлы жөндеуден өткізіледі. Оның бірі – сыйымдылығы жағынан ең үлкен Шардара су қоймасы.

–Қатты күмән туған жағдайда арнайы сертификаты бар мекемелерді тартып, оның жағдайына бізге қорытынды беріп отырады. Соған байланысты біз мемлекеттен ақша сұраймыз, — деді «Қазсушар» РМК бас директорының пайдалану және автоматизация жөніндегі орынбасары Ербол Салихбаев.

Қазіргі уақытта гидротехника нысандары мен бөгеттердің қауіпсіздігі тексеріліп, тиісті шаралар қабылданған. Алда-жалда оқыс жағдай бола қалса, алдын ала мыңдаған техника, инертті материалдар мен құм салынған қаптар дайындалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz