«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорына қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алуға 3,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімінің 15-сі алынған. Бүгіндері бұл тауарлар Петропавлдың 7 сауда орнында сатылып жатыр.
– Әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің құнын қымбаттатпау үшін жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, біз көкөністерді күзде төмен бағамен сатып аламыз. Кейін жыл бойы оны облыс орталығының сауда орталықтарында жеткіземіз. Биыл облыс бюджетінен бөлінген қаражатқа қорға 15 мың тоннаға жуық азық-түлік өнімін алдық, – деді «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Гамали Жұмашов.