СҚО-да елік атқан екі ер адам ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері екі елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс бабымен ауылдардың біріне бара жатқанда орман жаққа кеткен шаңғы іздерін көрген. Айналаны тексеру барысында полицейлер жолдың бойында екі сібір елігінің етін тауып, жақын маңда жүрген екі адамды да байқаған. Олар болса, тәртіп сақшыларын көре салысымен орманға қарай қаша жөнелген. Келесі күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен ауданның 22 және 28 жастағы екі тұрғыны ұсталып, олардан аңшы мылтықтары мен оқ-дәрілер тәркіленді. (Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Бұл баптың 3-бөлігінің санкциясы адамдар тобымен жасалған қылмыс үшін 6 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан бастап, 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ аң аулауға жеті жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза да қарастырылған. Қазіргі уақытта көптеген жануарды, оның ішінде тұяқтыларды аулауға тыйым салынғанын облыс тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз. Заңсыз аңшылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін естен шығармауды және заңнама талаптарын сақтауды сұраймыз, – дейді Айыртау аудандық ПБ бастығы Марат Серкешев.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz