Он бір айлық бала алма жеймін деп қақалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің сөзінше, тыныс жолдарына бөгде заттардың түсуі – жиі болатын жайт. Дәрігерлер мұндай себептермен шақыртулар көп түсетінін айтады.
Жуырда Қызылжар ауданының тұрғынына шұғыл көмек қажет болды. Оқиға орнына келген дәрігерлер 11 айлық сәбидің алма жеймін деп қақалып қалғанын байқады. Фельдшер Айдар Омаров «геймлих» атты арнайы құралмен баланың тамағынан жемістің қалдықтарын алып шықты. Осылайша балғынның тыныс алуы қалпына келтірілді.
Ал Петропавлдағы мектептердің бірінде кәмпит 12 жастағы баланың ауыз қуысы арқылы тыныс жолына өтіп, ондағы тамырларды зақымдады. Салдарынан оқушы дұрыс демала алмады. Дәрігерлердің араласуымен бөгде зат алынып тасталған.