СҚО-да полиграфиялық бояулар өндірісі қолға алынбақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Дархан Әмірин елордада Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановпен кездесіп, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының өткен жылы атқарған жұмысы жайлы баяндады, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дархан Әміриннің айтуынша, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына шетелдік инвесторлар ерекше қызығушылық танытып отыр. Оған  осыдан екі жыл бұрын Петропавлда ашылған «Солтүстік фанер комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәлел. Биыл аталмыш компания облыс орталығында жаңа өндіріс ошағын ашпақ.

– Арнайы экономикалық аймақтың аумағында полиграфиялық бояулар өндірісін іске қосу қарастырылуда. Жаңа кәсіпорында 65 жұмыс орны ашылмақ. Инвестиция көлемі 5,471 млрд. теңгені құрайды. Шетелдік компания бұл нарықта 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде жауапты және сенімді серіктес ретінде танылды, – деді Дархан Әмірин.

Сондай-ақ, тағы бір шетелдік инвестор қаптама өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 5,016 млрд. теңгені құрайды, кәсіпорын 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүдделі.

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов  аталған жобалардың маңыздылығын атап өтіп, іске асыру кезінде қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz