Есіл ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауданының халқымен кездесу өткізіп, жиында ауданды дамыту жоспары мен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл Есіл ауданында 7 ауылішілік жол, 6 ауылға кіреберіс жол жөнделеді. Сондай-ақ 8 елді мекенді байланыстыратын «Покровка – Ильинка – Мектеп» бағыты бойынша автожол күрделі жөндеуден өтеді.

photo1710344549

Облыс әкімінің айтуынша, осы жылы Петровка мен Чириковкада фельдшерлік-акушерлік пункт, Николаевкада дәрігерлік амбулатория салынады. 3 ауыл мектебі жаңартылып, Бірлікте ауылішілік су желілері тартылады.

– Заградовка ауылында жергілікті «Заградовское» және «Прометей агро» серіктестіктері тұрғындарға бар жағдайды жасауда. Демалыс үшін мәдениет және спорт нысандары жұмыс істеуде. Жыл бойы жұмыспен қамтитын жаңа сүт фермасы бар. Еңбеккерлерге жайлы үйлер салынды, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысы шаруашылық пен медициналық мекемеде істейтін Жантуғановтар отбасының шаңырағында болып, келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сондай-ақ іссапар барысында облыс әкімі асфальт-бетон зауытының құрылысымен танысты, жаңа нысан биыл мамыр айында іске қосылады. Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылап, ауыл шаруашылығы колледжіне де барды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz