Тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеріледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігі тексеріледі,-деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Светлана Зайцева полицейлерді өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы хабардар етті. Ол мұндай құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып, заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы баяндады.
Жиында белгілі болғандай, жақын арада ішкі істер органдарында «Integrity Check» деп аталатын жоба енгізіледі. Ол арқылы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеру болады екен. Егер тәртіп сақшы теріс нәтижесі көрсетсе, онда бұл маман дереу жұмыстан шығарылады.

– Сабаққа ведомство аппаратының 100-ден астам қызметкері қатысты. Дәрісті бейнеселекторлық байланыс бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімдерінің 400-ге жуық қызметкері тыңдады. Бұл биылғы жылы әлеуметтік-құқықтық дайындық бойынша өткен алғашқы сабақ болды. Мұндай сабақтар барысында қызметкерлер заңнамадағы жаңашылдықтарды, құқық қолдану практикасының қыр-сырын зерттейді, құқықтық сауаттылықтарын арттырады. Бұл жеке құраммен тұрақты жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бөлігі, – дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz