СҚО полицейлері есірткі ісіне қатысты материалдарды сотқа жіберді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері соңғы 12 айда есірткінің ең ірі партияларының бірін алу бойынша материалдарды сотқа жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткіні саудалады деген күдікпен ұсталған Ақмола облысының 49 жастағы тұрғыны «нашақор» санаты бойынша есепте тұрғаны белгілі болған. Бұрын сотталған азаматтан марихуанна табылды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша тергеу аяқталып, материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа жіберілді.

— Баптың санкциясына сәйкес, кінәліге 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жалпы өткен жылы облыста барлығы 241 факті тіркелді. Оның ішінде 17-сі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі болса, 90-ы өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 423 кг түрлі есірткі, оның ішінде 3,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, — деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz