ҚР Ұлттық банкі 2023 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерін жалпы сомасы 500 млрд теңгеге дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларына нарықтық шарттарда инвестициялау жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тартылған қаражат машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларға кредит беруге жұмсалады. Қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуін бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде жүзеге асырылады,-делінген ресми ақпаратта.
Кредит тәуекелдері тұрғысынан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға инвестиция салу қауіпсіз әрі бұл іс жүзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында болады. Холдингтің кредиттік рейтингі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингі деңгейінде және Fitch Ratings агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша тұрақты болжаммен «ВВВ» құрайды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау нарықтық жағдайларда ұзақ мерзімді инвестициялық көкжиекті ескере отырып, жүзеге асырылады. Осылайша, жоғарыда аталған инвестициялар сенімді болып табылады және жыл сайын БЖЗҚ салымшыларына инвестициялық табыс әкеледі.