СҚО-да қаңғыбас ит-мысықтарды күтіп-ұстауға 42,5 млн. теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста 600 қаңғыбас ит-мысықты күтіп-ұстауға, чип салып, стерильдеуге 42,5 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, былтыр өңірде 30 қаңғбас үй жануарына чип салынып, ұрықсыздандырылды. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақ. Осы мақсатқа бюджеттен 42 млн. 576 мың теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 600 ит-мысық қамтылмақ.

Қазір өңірде үй жануарларын есепке алатын «ТАNBA» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Оған ит-мысықпен жұмыс істейтін өңірдің 10 мекемесі тіркелген. Соның алтауы – ветеринарлық клиника, 2 – жануарларды аулайтын қызмет, біреуі – жануарларды қорғау ұйымы және біреуі қаңғырған жануарларға арналған панажай.

Былтыр үй жануарларын есепке қою ережесіне сәкес 301 ит-мысық тіркелді. Оның 30-ы – иесіз жануар.СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр 891 адамды ит қапқан. Оның басым бөлігі – иесі бар иттер. Ит талағандардың 352-сі 18 жасқа толмағандар. Зардап шеккендердің 886-сы құтырма ауруына қарсы вакцина алды. Сондай-ақ, облыс аумағында ит қапқан адамның қайтыс болу дерегі тіркелмеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz