Облыста өткен жылы малдың еркін жайылуына жол берген 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10400 үй жануары арнайы қашаларға қамалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Малдың еркін жайылуына жол беру фактілерінің бірі Есіл ауданының Явленка ауылының маңында тіркелді. Мұны байқаған жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, үйінің қоршауын бәзібіреудің жылқылары сындырғанын жеткізді. Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қамбар ата төлі мен иесін көрді. Нәтижесінде азамат мал жаю ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 408-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталмыш баптың санкциясы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді. Сондай-ақ ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
– Мұндай фактілер жиі кездеседі.Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп заңнаманы түсіндіру бойынша үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, қаңғыбас жануарлар арнайы мал қамайтын орындарға қамалуы мүмкін. Ауыл тұрғындарына жануарларды қараусыз қалдыруға болмайтынын еске саламыз. Олар ұрылардың объектісіне айналуы немесе қайғылы салдармен аяқталуы мүмкін жол-көлік оқиғасына себеп болуы ықтимал, – дейді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.