СҚО-да есірткіге тәуелділер арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да өткен жылы есірткіге қатысты 242 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаудың 18, 12 контрабандалық және 90 есірткі заттарын өткізудің жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары өткізген жедел іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткінің 425 килограмы шығарылды. Оның 3 килограмм 428 грамы – синтетикалық заттар.

– Алматы қаласынан Петропавл мен Астанаға синтетикалық есірткі жеткізудің екі арнасының жолы кесілді. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретін бір есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Естеріңізге салсақ, 2022 жылы 4 мамырда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер мақсатты жедел іс-шараларды өткізу барысында синтетикалық «спайс» есірткісін таратумен айналысатын интернет-дүкеннің әкімшісі әрі кепілгері болған 22 жастағы азаматты ұстады. Жас жігіт облыс орталығының аумағында психотроптық затты заңсыз дайындау жөніндегі нұсқаулықты өз бетінше оқып, жасырын наркологиялық зертхананы ұйымдастырған. Химиялық реакциялар нәтижесінде алынған психотроптық заттар мен олардың аналогтарын жас жігіт полимерлі пакеттерге орап, содан кейін оқшаулағыш таспаға орап, Петропавл қаласының аумағында контактісіз өткізу тәсілімен дербес сатқан. Қазіргі уақытта жас жігіт сотталып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Жалпы есірткі таратқаны үшін жаза күшейтілгенін атап өткім келеді. Бүгінгі күні оның бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста есірткіге тәуелді азаматтар тізімінде 499 тұрғын тіркеуде тұр,  оның біреуі – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Сондай-ақ былтыр  нашаны сатумен айналысқан 139 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. оның 8-і шет елдің азаматы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz