Көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жол полициясының қызметкерлері Мамлютка қаласын патрульдеу кезінде күдік тудырған «Nissan» автокөлігін тоқтатуға бел байлайды. Бастапқыда полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын елемеген көлік жүргізушісі Покровка ауылына қарай кеткен. Тәртіп сақшылары оны қуып, аталған елді мекеннің маңында тоқтатқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам мас күйде болғаны анықталды. 32 жастағы жүргізуші өткен жылдың маусым айында 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Бұл бап бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Бұдан бөлек, ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Оған қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Мас күйдегі және бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау полиция қызметкерлерінің жұмысындағы негізгі міндеттердің бірі, – дейді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Жалпы өткен жылы солтүстікқазақстандық полицейлер Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша 58 материал жинады. Оның 54-і сотқа жіберілді. Қалған төртеуі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

sddefaultplay btn

Бейнежазба: Polisia.kz сайтынан алынды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz