СҚО-да полицияда қызмет ететін нәзік жандылар марапатталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полицияда қызмет ететін нәзік жандылар марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полицейлері Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізді. Онда облыстық полицияның 10 қызметкеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан төсбелгілер мен грамоталар табыс етілді.

Атап айтқанда,  ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін ІІМ Құрмет грамотасымен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Зульфия Қожағұлова марапатталды. СҚО ПД екінші арнайы бөлімінің бастығы Марина Алексакина “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін” медалімен, “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық медалімен Петропавл қаласы ПБ екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова марапатталды. Ішкі істер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Ардагерлер ұйымдарының жұмысына қосқан үлесі және жас қызметкерлерді тәрбиелегені үшін қазақстандық ІІО және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төралқасы ардагер Зинаида Трусова “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісімен, сондай-ақ мінсіз қызметі үшін Оксана Рындина мен Татьяна Рахимова грамоталармен марапатталды.

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ардагер әйелдерді құттықтап, лауазымы мен атағына қарамастан әрбір әйел қызметкердің еңбегі өте маңызды және құнды екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан полициясы жеке құрамының үштен біріне жуығы әйелдер екенін айта кеткен жөн.  Жалпы саны екі мыңға жуық адам полиция қатарында 620 әйел адам қызмет атқарады, оның 365-і аттестатталған қызметкерлер. Облыстық полицияның ең ірі бөлімшесінде, Петропавл қаласының полиция басқармасында 721 қызметкердің 150-і әйел. Олар ерлермен тең дәрежеде қызмет етеді. Қиындықтармен және жеке уақытпен есептеспей, жауапты лауазымдарды атқаруда. Қалалық полиция басқармасының 8 қызметкері полиция подполковниктерінің погондарын абыроймен киюде. Облыстың ПД аппаратында төрт әйел полиция полковнигі қызметін атқарады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz