Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында көз жұмды. Бұл туралы сенаттың ресми Telegram арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қатты қайғырып хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Парламент сенатының депутаттары мен аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — деп жазылған сенаттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.