Облыстық аналар кеңесі жанынан «Бақытты ана» клубы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық аналар кеңесінің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу және басқа да өмірлік құндылықтарды дәріптеу. Жақында аталған кеңестік жанынан ашылған «Бақытты ана» клубтың мүшесі болуға 80 адам әйел ниет білдірді. Мұнда әр аптаның жұма күні түрлі тренингтер өткізіледі деп жоспарланған.
– Біз бұл клуб арқылы психологиялық көмекке мұқтаж әйелдерге қолдау көрсеткіміз келеді. Оларға түрлі мотивация беріп, білімін арттырсақ деген ниетіміз бар. Әрбір әйел өз отбасындағы мәселелермен шектеліп қалмай, өзін тұлға ретінде дамытуы қажет, – деп есептейді республикалық аналар кеңесінің мүшесі Резеда Баймұхаметова.
Аталған клуб қатысушыларына кәсіби психологтар мен заңгерлер көмек көрсететінін айта кеткен жөн. Ал оған кез-келген шаһар тұрғыны мүше бола алады. «Бақытты ана» клубы ұйымдастырушыларының болашаққа жоспары да ауқымды