СҚО-да экстракорпоральды ұрықтандыру жолымен 125 сәби дүниеге келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында сәби сүйе алмай жүрген отбасыларға биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 190 квота бөлінді. Жалпы үш жылда өңірде экстракорпоральды ұрықтандыру жолымен өмірге 125 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО көпсалалы аурухана перинаталдық орталық баспасөз қызметінің мәліметінше, «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында биыл өңірге 190 квота бөлінген. Бұл — былтырғыдан 20 квотаға аз. Қазіргі уақытта болашақ ата-аналар тексеруден өтіп, құжаттары жиналып жатыр.

Перинаталдық орталықтың бұл бағдарламаға қатысқанына үшінші жыл. 2021 жылы 217 квота бөлініп, соның 90 % астамы пайдаланылды. Осы аралықта жасанды ұрықтандырудың нәтижесінде дәрігерлер 125 әйелді босандырып алды. Өмірге 16 егіздер келді.

Дәрігерлердің айтуынша, ЭКО процедурасын негізінен жасы 30-дан асқан келіншектер алған.

Өңірде бедеулік мәселесі өткір тұр. Мамандар 700-ден астам отбасыны репродуктивті қызметі бұзылуына байланысты есепке алған.

Жалпы былтыр СҚО перинаталдық орталығы 6,5 мыңнан артық пациентті қабылдап, 4,5 мыңға жуық келіншекті босандырды. Соның 1150-де кесарь тілігі қолданылған. Өмірге 65 егіздер келді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz