2022 жылы өндірісте 2 адам қаза тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыстың кәсіпорындарында 38 жазатайым оқиға тіркеліп, өндірісте 44 адам жапа шекті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Марат Омаров қоғамдық кеңестің отырысында мәлім етті.  Естеріңізге салсақ, 2021 жылы өндірісте 38 жазатайым оқиға орын алып, 45 адам зардап шегіп, 8-і қайтыс болды.

– Былтыр жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің ішінде ауырлық дәрежесі жоғары 28, топпен жұмыс істеген 3 адам, орташа ауырлық дәрежесі 5 адам тіркелді. Сондай-ақ 2 азамат өндірісте алған жарақаттарынан көз жұмды. Барлық жазатайым оқиғалар ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес тексерілді. Тергеу қорытындысы бойынша 33 арнайы тергеу материалы полиция органдарына жіберілді. 2022 жылы шағын бизнес және ауыл шаруашылығы ұйымдарында, сондай-ақ бюджеттік салада жазатайым оқиғалардың ең көп саны байқалатынын атап өткен жөн.  Солтүстік Қазақстан облысының шағын бизнес ұйымдарындағы жазатайым оқиғалардың үлесі шамамен 24%, ауыл шаруашылығы – 21% және бюджет сала мекемелерінде 18% құрайды, – деді Марат Омаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz