Солтүстік Қазақстан облысында Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 631 сайлау учаскесінде өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңір бойынша мәслихаттарға 193 депутат сайланады.
Облыстық мәслихатқа 30 депутат, оның 15-ін ғана тұрғындар сайласа, қалғаны мажоритарлық жүйе бойынша партиялық тізімдер бойынша таңдалады.
Петропавл қаласы мәслихатының 18 депутаты, 13 аудан мәслихаттарының 145 депутаты толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады.
Алдағы сайлауда облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласы бойынша 163 депутат сайланады. Осыған орай облыс орталығында – 18, аудандарда 145 округтік сайлау комиссиясы құрылды.
ҚР Парламенті Мәжілісіне де депутат аралас жүйе арқылы сайланады. Мәжіліске 70% партиялық тізіммен, 30 % бірмандаттық округтерден.
Естеріңізге салайық, Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған және соңғы он жыл бойы оның аумағында тұратын азаматы кандидат бола алады. Ал мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған Қазақстанның азаматы кандидат бола алады.