СҚО полицейлері мен банк өкілдері интернет-алаяқтарға қарсы күресті талқылады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық құқық қорғаушылар екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың төрағалығымен өткен кеңеске облыс прокурорының орынбасары Сәкен Жорабеков, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдігі басқармасының бастығы Алма Дәуренбекова, ведомствоаралық қоғамдық қауіпсіздік бойынша топтың жетекшісі Сәуле Тоқышева, банктердің басшылары мен қауіпсіздік қызметтерінің жетекшілері қатысты. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтық бойынша жасалған қылмыстардың саны 2017 жылы 61 фактіден 2022 жылы 781 фактіге дейін өскен. Ең көп шығын «банктен қоңырау шалу» әдісі бойынша келтірілді. Өткен жылы облыста осындай 291 факті тіркелгенін айта кеткен жөн.

Аталған жиында құқық қорғаушылар несие беру рәсімін жетілдіру мәселесін де көтерді. Банк секторы өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда менеджерлер үшін тиісті нұсқаулар әзірленуде – олар клиенттің үшінші тұлғалардың қысымынсыз қарызды ресімдегелі жатқанына көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар диалог барысында желілік алаяқтармен күрестегі негізгі түйіткілдер айтылды. Басты мәселе- халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығының болмауы. Полицейлер ол үшін ақпараттық жұмысты күшейтуді, адамдарға алаяқтардың жалпы схемаларын және Азаматтық кодексте көзделген банктік заемға қатысты дауласу мүмкіндігін түсіндіруді ұсынды.
Кездесуді қорытындылай келе, Руслан Назаров кездесуде айтылған ұсынымдар дереу банктердің бас офистеріне қарауға жіберілетініне сенім білдірді. Тек күш біріктіріп қана интернет-алаяқтықтың өсуіне тосқауыл қоюға болады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz