СҚО-дағы екі ауыл дүкенінен лицензиясы жоқ 143 литр алкоголь тәркіленді

Авторы: Qyzyljar News

Мамлют ауданындағы ауылдардың біріндегі дүкенде сыра мен арақ-шарап лицензиясыз сатылып келген. Аталған фактілерді полиция қызметкерлері қаңтардың 25-26 күндері анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды жүзеге асыру) бойынша материал жиналды.

– Құрамында спирт бар өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл-қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың бір бөлігі, олардың көпшілігі мас күйде жасалады. Осы бағытта жүйелі түрде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде өткен жылы отбасылық жандалдардың санын азайды – дейді аудандық ПБ бастығы Петр Климов.

Облыста өткен жылы барлығы 9600 литр заңсыз алкоголь тәркіленгенін атап өткен жөн.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz