СҚО-да жылыту маусымы штаттық режімде өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында №2 жылу-электр орталығын жөндеу жұмыстары туралы айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Қоғамдық кеңесте белгілі болғандай, бүгінгі таңда 12 қазандықтың 7-уі істе, 2-уі апаттық жағдайда болғандықтан қалыпқа келтірілуде. Сондай-ақ тағы 1-уін алдағы уақытта жөндеу жоспарланса, біреуі жаңартылып жатыр.

СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Евгения Островскаяның айтуынша, орталықтағы барлық жөндеу жұмыстары монополист компанияның қаражаты есебінен атқарылуда.

– Акционерлер жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаражатты бағыттады. Орталықты қалыпқа келтіруге 230 адам жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 1 қазандық агрегатында (№3) жұмыстар жүргізілуде. Жылыту маусымы 7 қазандық агрегатымен және 3 резервтегі қазандықпен өтеді. 20 наурызға қарай 1-ші қазандық агрегатында жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылады. Осылайша, жылыту маусымының өтуі 10 қазандық агрегаттарының жұмысымен қамтамасыз етіледі, – деді Евгения Островская.

Қоғамдық кеңесте көмір мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бюджеттік мекемелерге 141 мың тонна қара отын жеткізілді. Биылғы жылыту маусымын тиісті деңгейде өткізу үшін тағы 59 мың тонна көмір қажет екен.

– Облысқа қажетті 419 мың тонна көмірдің 376 мың дайындалды. Облыс тұйықтарында 26 мың тонна көлемінде көмір қоры бар, оның ішінде Петропавл қаласында 1300 тоннасы бар, – деп атап өтті Евгения Островская.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz