Ауылдықтардан сүтті алмай жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное ауылы тұрғындарының негізгі табыс көзі  – күнделікті сатылатын сүт. Алайда, бірнеше аптадан бері кіріс жоқ. Шикізат қабылдаушылар сапаның нашарлағанын алға тартып, әр үйге бас сұғуды қойған. Бұған қараша халық қапалы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Маслодел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  өкілдерінің айтуынша, тұрғындардан алынатын шикі сүттің басым бөлігі талапқа сай емес. Жаңа сауылған сүтті пластмасса шелекке құймау  керек. Оның қуыс-қуысына бактериялар жиналады. Өрістен келген сиыр желімінің басында түрлі вирустардың болу қаупі жоғары,  сондықтан сүттің бір-екі тамшысын жерге ағызып жіберу қажет. Ауылдықтардың осы және өзге де  қарапайым  тазалық шарттарын ескере бермеуіне байланысты  зауыттар шығынға батуда.

— Ультрапастерленген сүт әзірлеу үшін ақтың  сапасы жоғары болу керек, сондай-ақ қышқылдығы төмен болуы шарт  Егер өнім сапасы төмен болса біз оны кәдеге жарата алмаймыз.  Бұл ауылдықтардың сауған сүтінен түбегейлі бас тарту деген сөз емес. Оны тұрақты қабылдағымыз келеді.  Біз алдағы уақытта сүтті алып сататындардың   халықпен жұмыс істегенін қалаймыз, — деді  серіктестік директоры Инна Пискунова.

Краснознаменное ауылы облыс орталығына жақын болғандықтан бұл елді мекендегі тұрғындардың біразы Петропавлда жұмыс істейді.  Мал шаруашылығымен айналысуды жөн көргендер сүт сатып күндерін көріп отыр.

— Тұрақты жұмыс орны болмағандықтан отбасымызды асырау үшін сиыр ұстаймыз. Сүттен түсетін азын аулақ ақшаға азық-түлік, тұрмысқа қажетті өзге де заттар сатып  аламыз.  Серіктестіктер сүтті сатып алуды доғарса алдағы жағдайымыздың қалай боларын білмеймін,  – дейді  ауыл тұрғыны Елена Мартыненко.

Ол  бүгінге дейін 6 сиыр сауғанын, сүт саудасы тоқтағаннан кейін Зеңгі баба төлінің 2 басын союға мәжбүр болғанын, тұрақты кіріс болмағандықтан, малды қыстан алып шығу оңайға соқпайтынын жеткізді.

Тұрғындардың базынасын тыңдаған серіктестік жанындағы зертхана меңгерушісі  бұл мәселеге қатысты негізгі кемшіліктерді жіпке тізгендей айтып берді.

— Тұрғындардың  санитарлық талаптарға баса мән бергендері маңызды. Сүт сауылатын әрі құйылатын шелек пен сиырдың желіні таза болғаны жөн. Малдың жасы мен денсаулығына да көп нәрсе байланысты. Егер жануар ауырса, ол сапалы шикізат бермейді. Мұны халық бір кісідей білсе дейміз. Тұрғындар негізгі ережелерден хабардар болса әрі жауапкершілік танытса, сүт қабылдауға әрдайым дайынбыз, — дейді Елена Ахметжанова.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Наурызбаев тұрғындарды сүтті сауарда  тазалық шараларына баса мән беруге шақырды.  түсіндіруге шақырды. Сонымен қатар, мәселенің жай-жапсарын жақынырақ білу үшін халыққа өндіріс орнының қаладағы зертханасында сүт сапасын тексеруге кеңес берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz