СҚО полицейлері көмекке келді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жолда қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаңтардың 22-сі күні Мамлют ауданындағы Покровка ауылында тұратын бір отбасы –Меңкесер ауылынан мал азығын сатып алып, үйлеріне қайтып келе жатқан кезде мінген «Волга» автокөлігінің тіркемесіндегі дөңгелегі жарылған. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмеу үшін жүргізуші жол жиегімен сағатына 20-30 шақырым жылдамдықпен жүріпті. Осылай құр темір дискімен 50 шақырымды жүріп өткен екен. Қуанышқа орай, Афонькино мен Воскресеновка ауылдарының арасында оларды Дубровное ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Әлібек Өсіпов байқап, ауыл тұрғындарына өз көмегін ұсынған. Ол алдымен ауылдықтардың ұлдарын үйіне дейін жеткізіп салған. Кейін оралып, тіркеменің дөңгелегін ауыстырған.

Болған жағдай туралы ауыл тұрғындарының туысы «Instagram» әлеуметтік желісінде пост жариялап, онда тәртіп сақшысына өз алғысын білдірген.

– Полиция қызметкерінің сол жерден өтіп кетпей, көмектескеніне ризамыз. Осындай қызметкерлер көп болсын, – делінген жазбада.

Ал қаңтардың 23-нен 24-не қараған түні Челябі – Новосібір автожолында Токуши мен Знаменское ауылдарының арасында Омбыдан келе жатқан петропавлдықтардың көлігінен ақау шыққан. Бір сағаттай суықта тұрып қалған қала тұрғындарын СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Сұлтан Қуанышев пен Совет Балтабаев байқаған.  Жол полицейлері облыс орталығынан эвакуатор шақырып, жаураған қалалықтарды техника келгенге дейін қызметтік көлікке жылынуға мінгізген. Кейін машинаны эвакуатордың үстіне шығаруға көмектесіпті.

– Күнделікті қызметке шығар алдында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне жол үстінде адамдарға көмек көрсету қажет екені айтылады. Азаматтардың осындай алғыс сөздері полиция қызметкерлері үшін өте үлкен қолдау деуге болады. Қызметті мінсіз атқаруға ынталандырады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz