Пиязды экспорттауға тыйым салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Үш ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу енгізілсін, – делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.

17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz