Диқандар қысқа жемшөптің 940 мың тоннасын дайындамақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында қысқа жемшөп әзірлеу жұмысы аяқталуға жақын. Биыл тек шөптің ғана 940 мың тоннасы дайындалмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, соңғы жылдары өңірде біржылдық шөптің әр гектарынан орта есеппен 8-10 центнер, көпжылдықтан 5-6 центнер алынып жатыр. Бұл – төмен көрсеткіш, сол себепті мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар жемазықтың сапасын арттыруға аса мән беретін болған.

Бүгінгі таңда фермерлер суармалы жерлерді ұлғайтып жатыр. Солардың бірі — Тайынша ауданындағы «Астық Стем» ЖШС-гі дәнді дақылдармен қатар жемшөп те өсіреді. Өйткені шаруашылықтың 1600 бас ірі қара малы бар. Осыдан 13 жыл бұрын кәсіпкер тамшылатып суару технологиясын қолдана бастады. Қазіргі уақытта жүгері мен жоңышқа алқабын да суаратын болған, нәтижесінде серіктестік басқалар мың га алатын өнімді 100 га алып жатыр.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы биыл жемшөп алқабы 368 мың га ұлғайған. Шаруашылықтар қысқа әзірлікті штатты түрде өткізіп жатыр.

— Қыстан қысылмай шығу үшін өңірге 940 мың тонна шөп, 211 тонна пішен қажет. Қазіргі уақытта шөптің 92,9% дайындалса, пішен 108,4% әзірленді. Бұл өзекті мәселе болғандықтан мал азығын дайындауға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Арнайы жедел штаб құрылған», — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz