Солтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан машина жасау және туризм комитеттері құрылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Туризм комитетінің отырысында кәсіпкерлер «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін Имантау-Шалқар курорттық аймағында инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан курорттық аймағына 42 мың турист келген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық екен.
– Біздің барлық салықтарымыз Ақмола облысына түсуде, ал біздің өзімізде жылдан жылға шешілмейтін жолдарға қатысты мәселелер жетерлік. Бүгінгі таңда бұл мәселелерді шешу үшін ештеңе жасалмай жатқанын көрудеміз, – дейді Айыртау ауданының «Досуговый центр» ЖШС директоры Виктор Надьярный.
Туризмді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Шамсутдинов инфрақұрылымды дамыту мәселесі шынымен де кешіктірілгенін және қазір республикалық деңгейде шешіліп жатқанын атап өтті.
Фото: СҚО Атамекен кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі