СҚО полицейлері қиындыққа тап болған мүгедекке көмектесті

Авторы: Qyzyljar News

Тимирязев ауданында қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторы Нұржан Есқожин қиындыққа тап болған аудан орталығының 54 жастағы тұрғынына көмек қолын созды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған аудан тұрғыны бір кездері полицейлерді әуреге салып, құқық бұзушылықтар жасаған. Біраз уақыт әкімшілік соттан жалтарған ер адам уақыт өте келе, өзінің тәртіп сақшыларына деген көзқарасын өзгертті. 1-ші топтағы мүгедек деп танылған ер адам жекелей сал аурына шалдығуына байланысты күнделікті қаражат табу мүмкіндігінен айырылып қалған. Оған қол ұшын созып, көмек көрсетер туыстары да болмаған. Мүмкіндігінше көршілері мен таныстары көмектесіп, құзырлы органдар оны әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберуге дайындап жатқан. Суық түсе бастағанда аудан тұрғыны алаңдай бастаған.

– Учаскелік инспектор көлікпен қамтамасыз етіп, Смирнов кентіндегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жеткізіп салды. Мәселе тікелей құқық қорғау қызметіне қатысы болмаса да, ең басты міндет қайғылы жағдайға жол бермеу болды. Нақты осы мақсатта учаскелік инспекторлар осындай фактілерді анықтауға бағдарланады. Қажет болған жағдайда дер кезінде көмек көрсету үшін үйді-үйді аралау кезінде жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерді жиі-жиі тексеріп тұрады. Жұмыстың түпкілі нәтижесі ретінде адамдардың қауіпсіздігіне назар аудару – полиция жұмысының сервистік моделінің негізгі қағидаларының бірі, – деді Нарлан Жұмабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz