Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі Консепсьон «ATP Challenger Tour» турнирінің финалында жеңіліп қалды деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тимофей Скатов соңғы бәсекеде әлемнің 76-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салды. Аргентиналық спортшы екі сағатқа жуық созылған кездесуде 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Тимофей 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Петропавлдық теннисші осы челлендж додасының финалына дейін жетуі арқасында жаңартылатын әлемдік рейтингте 129-орынға көтерілуі мүмкін екенін айта кеткен жөн. Бұл ол үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.