СҚО-да қабан, марал және еліктің саны көбеюде

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысындағы жануарларды қорғау аймағында қабанның, марал және еліктің саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маралдар Солтүстік Қазақстанға осыдан 40 жыл бұрын әкелінді. Қазір олардың саны мың жарымнан асқан. Жазда орманда емін еркін жайылса, қыста табиғат жанашырлары оларды қамқорлыққа алып, қолдан қоректендіреді. Себебі солтүстіктің қысы қатты. Яғни бұл кезде жабайы жануарлардың өздігімен азық табуы қиындайды. Маралдар көбіне көктемде мүйіз тастайды. Сондықтан мамандар осындай ағаш жапырақтарын береді екен. Өйткені мұнда дәрумендер көп. Сайын даланың еркелеріне алты адам күтім жасайды. Өткен жылы мұндағы жануарлар санын анықтау үшін есеп жүргізілді. Қазір  мұнда шамамен бес мыңға жуық жабайы жануар мекендейді. Басым көпшілігі қабан, елік және  марал.

— Жабайы жануарларды басқа аймақтарға көшіру керек. Оның үстіне қандарын жаңарсақ деп отырмыз. Себебі соңғы бес жылда бұл жұмыстар жүргізілген жоқ,- дейді жануарларды қорғау аймағының директоры Николай Гусельников.

Табиғат сұлуларына деп биыл  3000 центнерден астам шөп, 60 тонна жем, он бір жарым мың ағаш жапырағы дайындалған. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Мұнымен қоса агроқұрылым басшылары да көмек көрсеткенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz