Автокөліктерді заңдастыру аудан орталықтарында жүргізілмейді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы неліктен автокөліктерді заңдастыру рәсімі аудан орталықтарында жүргізілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Аудан тұрғындары кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында eGov.kz сайты арқылы автокөлікті тексеруге өтінім бере алады. Бұл кезеңде Петропавлға барудың еш қажеті жоқ. Тек оң жауап алғаннан кейін ғана арнайы ХҚКО-ға автокөлікті заңдастыру үшін жазылу керек,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының баспасөз хатшысы Анар Құсанова.

Жалпы өңірде барлығы 809 адам автокөліктерін заңдастыру үшін өтініш білдірсе, олардың 291-не қазақстандық нөмірлер берілді. Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бір реттік акция болып табылады, ол осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz