Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде аяз болады деп болжанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Zakon.kz» сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады. Соған байланысты аяз сақталады. Жауын-шашын болмайды.
Еліміздің оңтүстік жартысының ауа райын жауын-шашын өтетін оңтүстік циклон анықтайды.
2 ақпанда жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын және ауа температурасының Цельсий бойынша 5-12 градусқа дейін көтерілуі болжанды.