Жетім балаларға жалға берілуге тиіс пәтерлерде бөгде азаматтар тұрған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалардың орнында бөгде адамдар қоныстанған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл заңсыз фактілер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандары жүргізген мониторинг барысында белгілі болды.

– Аталған жемқорлық тәуекелдерінің біріншісі – бизнес-процестерді автоматтандырумен тұрғын үй қорын түгендеуді ұйымдастырумен байланысты. Бүгінгі таңда бөлімнің қарауында 2889 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Оның ішінде тек 747 пәтерге қатысты құжаттар бар. Заң жүзінде бұл баспаналар мұқтаж жандарға жалға беріледі. Сонымен қатар, бөлімде қалған 1445 нысанға жалдау шарттары немесе оларды пайдалануды растайтын басқа да құжаттар жоқ екені анықталды, — деді СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысында осы пәтерлерде басқа адамдардың тұрып жатқаны белгілі болды.

– Жүргізілген мониторинг көрсеткендей, 70 пәтердің 54-інде бөгде адамдар тұрған. Оларда жалдау құқығын растайтын құжаттар болмай шықты. Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген 20 пәтерге мониторинг жүргізу кезінде қалалық әкімдік мамандары 14 баспананы өзгелерге жалға бергені анықталды, – деп толықтырды Дамир Хабибулин.

Сондай-ақ, тұрғын үй комиссиясының мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлуі заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Осылайша жетім балаларға берілген тұрғын үйдің үлесі екі есе азайтылғаны белгілі болды. Бұл санатқа жатқызылған тиісті пәтерлердің 20 пайызының орнына 10,9 пайызы бөлінген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz