Петропавлда 162 сарбаз әскери ант берді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы 6637 әскери бөлімі 162 сарбазбен толықты. Еліміздің 5 өңірінен Қарулы күштер қатарына алынған жігіттер салтанатты түрде әскери ант берді. Енді олар Отан алдындағы борыштарын Солтүстік Қазақстанда өтейтін болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Кешегі бозбала, бүгінде сарбаз атанып, Отан алдындағы борышын өтемек. 6637 әскери бөліміне еліміздің әр түкпірінен жиналған 162 азамат қабылданды. Ең алдымен 40 күн бойы оқыту бөлімінде әскери даярлықтарын шыңдаған сарбаздар, енді Отан алдындағы борыштарын адал атқаруға ант қабылдады.

– 6637 әскери бөлімі «Орталық» өңірлік қолбасшылығына жатады. Бүгін әскери бөлімге 5 өңірден, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облысынан 162 сарбаз келді. 6637 әскери бөлімі ҚАЖ 3 мекемесін күзету және Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді атқарады. Сарбаздар 40 күн оқыту пунктінде білім алды. Енді жауынгерлік қызметті атқаратын болады,-дейді 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары Мақсат Мұқаев.

Сарбаздар тағы 20 күн оқыту бөлімінде білім алады. Олармен мемлекеттік құқықтық дайындық, дене шынықтыру мен тактикалық атыс дайындығы сабақтары өткізілетінін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz