Қазақ театрының ұжымы гастрольдік сапармен аудандарды аралауда

Авторы: Qyzyljar News

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ұжымы «Ауыл-елдің рухы» атты гастрольдік сапарларын бастады. Оның аясында театр ұжымы аудандарды аралап, ауылдық өнерсүйер қауымға өз өнерлерін паш етеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Театр көрермен назарына 2 қойылым ұсынады. Балалар үшін “Қаңбақ шал” ертегісі қойылса, ал ересектер үшін “Қарапайым адам” комедиясы қойылады. Гастрольдік сапарларын Айыртаудан бастаған актерлер кейін Тайыншаға жол тартады. Жалпы театр ұжымында бүгінгі таңда 12 актер бар екенін айта кеткен жөн. Соның төртеуі – былтыр келген жаңа толқын. Театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаровтың айтуынша, жас актерлер әзірге шағын рөлдерді сомдауда. Репертуарда барлығы – 20 спектакль бар. Өнер ұжымы қойылымдарды жыл сайын жаңартып отырады.

– Біздің театрдың мақсаты – аудандардың барлығын аралау. Кейбір ауыл-аудан тұрғындары біздің қойылымдарымызға келе алмайды. Сол себепті, өзіміз барып тұрғындарға көңіл-күй сыйлауды шештік. Аудан орталықтарында арнайы қойылымдарымызды көрсетіп, жақсы бір әсерде қалады деген ойдамыз. Бұрын қойылып кеткен қойылымдарымызды жаңарту мақсатында бастамаларымызды бастап жатырмыз. Халықтың сұранысына ие спектакльдерімізді қайтадан бір жаңарту мақсатында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры – республика көлемінде алдыңғы қатарда тұрған театрдың бірі. Қаншама фестивальдерге қатысып, біраз жетістіктерге қол жеткіздік, -дейді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазар.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz