Жидек теріп жүрген әйелді атқан аңшы сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді аң екен деп абайсызда атып өлтірген Сергей Лосеняға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, Сергей Лосеня аң аулауға шығып, 52 жастағы Алтынай Мұздақпаеваны абайсызда атып алған болатын. 65 жастағы ер адам жидек теріп жүрген әйелді аң екен деп қалғанын айтады.

Өткен жылы маусымның 11-і күні Сергей Лосеня ауыл арасындағы жолмен Жамбыл ауданы Бауман стансасына бармақ болады. Орманның бауырында жидек теріп жүрген әйелді елік деп қалып, оны қолындағы мылтығымен атады. Әйел иығынан жараланып, кейін сол жарақатынан қайтыс болды.

Кейін осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен учаскелік инспекторы да қамауға алынды.

Бүгін аталған қылмыстық іс сотта қаралып, кінәлі деп танылған Сергей Лосеня жауапқа тартылды. Мамлют аудандық соты аталған оқиғаны  абайсызда өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру баптары бойынша қарады.

Ер адам оптикалық көздеуіші бар аңшылық қаруды және 5,6 мм калибрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтап келген.

Сотталушының кінәсін куәгерлер де растады, жиналған материалдар арқылы да толық дәлелденді.

Прокурор ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Зардап шегушілер де бұл жазамен келісті.

Сотталушы қылмыс жасағанын мойындады.

Сот үкім шығарарда оның шын жүректен өкінгенін және қылмысты спирттік ішімдік ішіп жасағанын есепке алды. Судья қылмыс абайсызда жасалғанын ескере отырып, ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды. Енді Сергей Лосеня жазасын түрмеде өтейді. Сондай-ақ сотталған ер адам зардап шеккен тарапқа 3 млн. теңге көлемінде моральдық шығынның орнын толтыруы қажет. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz