Пара шаңғыдан әлем чемпионы Ербол Хамитов елге оралды

Авторы: Qyzyljar News

Швецияның Эстерсунд қаласында пара спортшылар арасында өткен әлем біріншігілінің жеңімпазы әрі екі дүркін қола жүлдегері Ербол Хамитов солтүстікқазақстандық жанкүйерлермен жүздесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Швециядағы әлем чемпионатында жерлесіміз Ербол Хамитов пара спортшылар арасында арасында жарысқа түсті. Алдымен солтүстікқазақстандық атлет пара биатлоннан 7,5 км қашықтықта қола жүлдегер атанса, кейін шаңғымен жүгірудің спринт сынында әлем чемпионы атағын жеңіп алды.Спорт сарайында Ербол жанкүйерлерімен жүздесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Пара биатлоннан әлем чемпионы атанғым келді. Бірақ ату кезінде қателесіп, тек қола жүлде бұйырды. Кейінгі жарыстарда барымды салып, дүниежүзілік біріншіліктің жеңімпазы атандым, – деді Ербол Хамитов.

Әлем біріншілігінің аяқталуына санаулы күндер қалғанда Ербол Хамитов пара биатлоннан 12,5 км болатын қашықтыққа шығып, қола медаль иеленді. Биылғы чемпионатқа Қазақстан құрамасы сапында облысымыздың атынан Ерболдан бөлек, Александр Герлиц, Сергей Усольцев пен Денис Зинов қатысты. Спортшылардың барлығы «Үміт» клубының мүшелері болып табылады.

Фото: Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz