Қаймақтың ыдысына салып түрмеге телефон өткізбекші болған

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да түзету мекемесіне әкелінген сәлемдеменің ішінен екі телефон табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сәлемдемелерді тексеру кезінде СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №51 мекемесінің төтенше қауіпсіздік қызметкерлері «Prestiqio» және «МI» маркалы екі смартфонды, сондай-ақ екі «Altel» SIM-картасын жасырын өткізудің алдын алды. Телефондар қаймақ салатын ыдыстың жасырылған екен.
Күдіктіге қатысты материал жиналып, сотқа жіберілді. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz