Сауд Арабияда өтіп жатқан көпкүндік веложарысқа «Astana Qazaqstan Team» командасы қатысуда. Халықаралық доданың екінші кезеңінде елордалық клубтың голландиялық спринтері Кейс Бол үздік үштікке еніп, Қазақстан құрамасының маусымдағы алғашқы жетістігіне қол жеткізді, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұзындығы 184 шақырым болатын екінші кезең «Winter Park» және «Shalal Sijlyat Rocks» елді мекендері арасында өтті. Мәре сызығын бірінші болып итальяндық Джонатан Милан кесті, одан кейін Нидерланды өкілдері Дилан Груневеген мен Кейс Болл келді.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Кейс Бол жалпы классификацияның 4-ші қатарында тұр, ол жарыс көшбасшысы Дилан Гроневегеннен небәрі 12 секундқа қалып қойды.
Сауд Арабиясы туры 2023 3 ақпанда аяқталады.