СҚО-да мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдетуді сұрайды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының мүшелері өтініштер мен ұсыныстар жинау үшін халықпен кездесуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясындағы кездесулер барысында мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік жәрдемақыларды арттыру және қызметтерді жақсарту мәселесі қозғалды. Мысалы, Мамлют ауданында ауыл тұрғындары мүгедектігі бойынша зейнетақыдан алимент алу, сондай-ақ қызметтерді ресімдеуді жеңілдету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

– Біз санаторий-курорттық емдеуді ресімдеу рәсімін жеңілдетуді сұраймыз. Көп құжат жинау керек, бұл қиын. Бұл процесті қандай да бір жолмен жеңілдетуге, құжаттар тізімін қысқартуға бола ма?, — деді аудан тұрғыны Суфия Саитова.

Ал көпбалалы ана Сағынгүл Жетібаева партияның Жамбыл аудандық филиалына әлеуметтік жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді.

– Көпбалалы аналарға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Біз ай сайын 23 мың теңге аламыз. Қоғамдық көлікте жүру, кинотеатрға, театрға, мұражайға және басқа да оқу және ойын-сауық мекемелеріне бару үшін ақы төлеуден бастап әлеуметтік жеңілдіктер болғанын қалаймыз, — деді Сағынгүл Жетібаева.

Кездесулерде партиялықтар сайлауалды бағдарламаны әзірлеу кезінде барлық өтініштер мен тілектер қаралып, ескерілетініне сендірді. Айта кетейік, қазір сайлауға дайындыққа байланысты партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері халыққа көмек көрсету және кеңес беру жұмыстарын уақытша тоқтатты.

Фото: «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz