Биыл облыста мас күйде көлік тізгіндеген 10 жүргізуші бас бостандығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да мас болып рөлге отырған 27 жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 10-ы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, 4,5 жылға қамауға алынған.

-2021 жылдың қыркүйегінде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады. Оқиға таңғы сағат 4.00 шамасында Қазақстан Конституциясы мен Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Көліктің салонында үш жолаушы келе жатқан. Соққы салдарынан бір адам облыстық ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша материал жинастырды. Жүргізуші бас бостандығынан айырылды, — дейді СҚО ПД анықтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жеңіс Темірбеков.

Жыл басынан полицейлер облыс жолдарында 381 мас жүргізушіні ұстады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 25 мыңнан астам дерегі тіркелді. Биыл өңір жолдарында 64 жол-көлік апаты болып, салдарынан 14 адам қаза тапты, 92 адам жарақат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz