Облыста ақпанда ауа температурасы күрт төмендеп, айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде сынап бағанасы түнде минус 32 градусқа дейін жетпек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының ақпараты бойынша, 2-6 ақпан аралығында өңірде жауын-шашын болмайды, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 23-28 аяз, күндіз – минус 13-18 градус, облыстың оңтүстігінде минус 10 градус болмақ.
Ақпан айының 7-сі мен 8-і аралығында желдің екпіні секундына 9-14 метр жылдамдыққа жетіп, қар жауады деп күтілуде. Түнде сынап бағанасы минус 20-25 градусқа дейін төмендейді, күндіз 7-12 градус аяз болады деп болжануда.
Ақпанның 9-ы облыстың оңтүстік-батысында қар мен боран болады. Түнде ауа температурасы 23-28 аяз, күндіз минус 10-15 градусқа дейін жетеді. Ақпанның бірінші онкүндігі жауын – шашынсыз болады. Түнде минус 23-28-ге дейін аяз, күндіз минус 10-15 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.
Температураның төмендеуі айдың екінші онкүндігінде де жалғасады. Түнде минус 25-30 градус, күндіз 13-18 аяз күтіледі. Онкүндіктің соңында аяз болады. Түнде ауа райы 23-28 градусқа, күндіз минус 12-17 – ге дейін төмендейді. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 10-15 аязға дейін, күндіз минус 1-6 градусқа дейін көтеріледі. Содан соң ауа температурасының ауытқуы күтілуде. Түнде 10-15-тен 17-22-ге дейін, ал күндіз минус 1-6-дан минус 7-12-ге дейін болады деп болжануда. Онкүндіктің соңында термометр бағанасы түнде минус 23-28 градусқа, күндіз минус 10-15 градусқа дейін төмендейді.
Бір айда жауын-шашын мөлшері нормаға жақын, кей жерлерде нормадан көп болады деп күтілуде. Жаңбыр, қар айдың басында, қар бірінші, екінші, басында және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Тұман, көктайғақ айдың басында болуы мүмкін.