Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысында инфляция деңгейі 21,7 пайызға жетті. Салдарынан өңірде саудаланатын барлық тауар түрлерінің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, бір жыл ішінде азық – түлік тауарларының бағасы 26%-ға, өзге өнімдердің құны 21%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 15% — ға өсті.
Қант – 54% – ға, ұн мен жарма – 44% – ға, макарон өнімдері – 40% – ға, ұн өнімдері – 47%-ға, сүт өнімдері — 30%-ға, ет — 22% — ға, көкөніс — 12% — ға қымбаттады. Соңғы топта тек қырыққабат пен сәбіздің құны арзандады, ол 21%-дан және 10%-ға дейін жетті.
Осы кезеңде жуу және тазалау құралдарының құны 40% – ға, тұрмыстық аспаптардың құны 22% – ға, жөндеуге арналған материалдардың құны 23% – ға, киім мен аяқ киімнің құны 19% – ға, фармацевтикалық өнімдердің құны 14% — ға өсті.